«Дін және мен» атты дөңгелек үстелдің өткізілуі бойынша ақпарат
«Дін және мен» атты дөңгелек үстел
«Дін және мен» атты дөңгелек үстел
Сәуір айының 12-ші жұлдызында оқушылардың діни экстремизм мен лаңкестікке қарсы саналарын тәрбиелеуге арналған ақпараттық-насихаттық жұмыстар жоспарының негізінде «Дін және мен» деген тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Осы іс-шараға жалпы саны 16 оқушыны құраған 5-9 сынып оқушылар мен мұғалімдер қатысты. Дөңгелек үстелді өткізуге «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімі Кожабеков Мирас Дюсембекович ұйытқы болды.
Іс-шара барысында оқушылар 2 топқа бөлініп, алдымен өздерін таныстырып, кейін дінге, имандылыққа, Исламға, қасиетті кітаптарға қатысты және түрлі деструктивті діни ұйымдар мен олардан аулақ болудың жолдары туралы ойларын ортаға салып, тақырыпқа сай сұрақтарға жауап берді. Біздің мақсатымыз екі топты сайыстыру емес, керісінше екі топтың жұмылып берілген тақырыпқа байланысты білгендерін, ізденісін, ынтасын, ойларын жеткізу шеберліктерін анықтау болатын. Ұйымдастырылған дөңгелек үстелде оқушылардың белсенді қатысып, сан түрлі ойлардың анық әрі толыққанды жеткізілуі бұл іс-шараның нәтижелі болғандығын көрсетеді деген ойдамыз.