21 ақпан күні мектеп қабырғасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы кең ауқымды ақпараттық жұмысты жүйелі түрде жүргізу мақсатында 5-9 сынып оқушыларына ақпараттық-түсіндіру парақтары (флаерлер) таратылды. Бұл шараға жалпы саны 16 оқушы қатысты. Аталмыш іс-шараны «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімі, антитеррорлық қауіпсіздікке жауапты тұлға Кожабеков Мирас Дюсембекович ұйымдастырды.
Іс-шараның барысында Мирас Дюсембекович оқушылармен таратылған флаерлерде жазылған ақпараттарға қатысты түсіндірме жұмысын жүргізіп, кейін ата-аналарына да осындай ақпараттық парақтарды тапсырды. Бұндай жұмыстар жүргізу арқылы оқушылар мен олардың ата-аналарының бойындағы діни сауаттылығы арта түседі деген нәтиже күтуге болады.