18.03.2017 жылы мектеп қабырғасында, Наурызнамалық бағдарламаның негізінде мектепалды даярлық тобынан бастап 9-сыныптарға дейінгі аралықтағы оқушылардың қатысуымен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз тойына арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Мектеп ұстаздары Мирас Дүйсембекұлы мен Диана Мейрамбекқызы жүргізуші болды. Жас бүлдіршіндер, яғни даярлық тобы мен бастауыш сыныптар өздерінің жеке бағдарламаларымен өнер көрсетсе, 5-9 сыныптар тиісінше өздерінің концерттік нөмірлерін ортаға салды. Ауыл қариялары мен жұртшылық, ата-аналар жиналған бұл іс-шара кейін кең жайылған дастархандарға ұласты.