Тақырыбы: Мейірімділік – асыл қасиет
Мақсаты: Балалардың мейірімділік, қайырымдылық, құндылық жайындағы түсініктерін кеңейту.
дамытушылық: оқушылардың психологиялық ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету.
тәрбиелік мәні: оқушыларды мейірімділікке, қайырымдылыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу
Міндеттері:
- мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру
- өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту
- мейірбандылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу
Көрнекіліктер: оқулық, суреттер, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер
Сабақтың барысы: оқушылардың назарын сабаққа аударту
-- психологиялық дайындау
--шаттық шеңбері, сәлемдесу
Мұғалім: кіріспе сөз. Тәрбие сағатының тақырыбымен таныстыру.
Шаттық шеңбері (оқушылар орындайды).
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
Мұғалім: Балалар, «Мейірімділік- асыл қасиет», «мейірімділік» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
Оқушылар өздерінің түсініктері бойынша әртүрлі жауаптар береді.
Қойылым: «Жәй бір адам», тәрбиелік мәнін ашу.
Ойын: «Тренинг» Болады – болмайды.
Шарты: оқушылар шаттық шеңберін жасап тұрады, «болады» дегенде үш рет қол шапалақтайды, ал «болмайды» дегенде бір рет қол шапалақтайды.
--- Мейірімді болуға -- Ақылды болуға
---Кешірімді болуға-- Мақтаншақ болуға
---Қатігез болуға ---- Шыншыл болуға
---Тәртіпті болуға --- Арам болуға
(болады) (болмайды)
Мұғалім: мейірімді болуға кім үйретеді?
Үйде --- ата-анамыз
Мектепте ---- ұстазымыз.
кішіпейіл жанашыр мейірімді
бауырмал АНА сыпайы
жақсы кешірімді әдепті
«Мейірімділікті анадан үйрен»
Әр оқушыға сауал қою.
Сенің анаң қандай?
Аналардың құрметіне. «Ақ мамам» әнін орындау (аналары қатысып отырады).
Сөз аналарға беріледі.
Ойын: «Жоғалған сөздерді тауып қою».
Кім және не мейірімді?
Күлімдеген ...... мейірімді (күн)
Кіршіксіз ақ ...... мейірімді (қар)
Таза мөлдір..... мейірімді (су)
Бәрімізді көтеріп тұрған..... мейірімді (жер)
Аяулы ...... мейірімді (анам)
Қадірлі .... мейірімді (әкем)
Әлпештеген .... мейірімді (әжем)
Еркелеткен ..... мейірімді (атам)
Жылы жүзді .....мейірімді (ұстазым)
Жағдаяттар:
1.Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің
2.Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай шықты, сен не істер едің?
3.Сенің анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті, сенің әрекетің?
Мұғалім:
Балалар, сендер өздеріңді мейірімді баламын деп санайсыңдар ма?
Сендердің жасаған әрекеттерің, мысал келтіру.
Оқушылар сөз алады:
Дамир: Жан-жағыма нұр шашып,
Арайлап жарқын таң атса.
Жер бетінде жайқалып
Көгеріп өссе көк майса
Жүрегім жыли бастайды.
Жасұлан: Оралғанда сапардан,
Алдыңнан жақсы жан шықса.
Кездескенде достарым,
Құшағын маған кең ашса
Жүрегім жыли бастайды.
Айғаным: Жақынды, досты аяла,
Қанатың сонда талмайды.
Барыңды жұрттан аяма
Жақсылық жерде қалмайды.
Мейірхан: Жайдары жүзбен жарқырап,
Қатігез болсаң сол қайғы.
Қайырымды бол халқыңа
Жақсылық жерде қалмайды.
Сабақты қорыту.
Мұғалім мейірімділік гүлін таратады.
«Жүректен –жүрекке» шеңбері
Оқушылардың бір-біріне құрметі.
Қошемет көрсетеді.
Мейірімділік –менде», «Мейірімділік – сенде», «Мейірімділік – бәрімізде» болсын деймін.