Күні: 09.12.2016
Уақыты: 15.00
Өтетін орны: Егінді-Ағаш орталау мектебінің ғимараты
Мақсаты: Аса мәртебелі мамандықтың бірі – ұстаздық кәсіптің қыр-сырын ашып, қызметін дәріптеу арқылы қатысушылардың бойында ұстазға деген құрметтілікті арттыру.
Міндеттері:
Өзектілігі: Оқыту мен тәрбиелеуді қатар тізгіндейтін, оқушыларға ұлттық және жалпы адами-мәдени құндылықтарды насихаттайтын ұстаздық қызметтің бүгінгі күндегі жағдайын талқыға салу.
Жаңашылдығы: Іс-шараны өткізу барысында инновациялық әдістердің ұтымдылығын көрсетудің бір жолы ретінде ток-шоу форматын қолдану.
Күтілетін нәтиже:
Көрнекілігі: тақырып жазылған плакат, шарлар
Өткізілу түрі: дискуссия түрінде, ток-шоу форматында
Қатысатындар: мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар.
Қатысушыларды төрде қойылған орындықтарға отырғызамыз.
Жоспары:
Алғысөз:
Қайырлы күн құрметті көрермендер! Бұл «Айтарым бар» ток-шоуы.
Міне, біздер күн санап Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына табан тіреп келеміз. Бұл орайда айта кеткен жөн, ел дамуында мұғалімдердің алатын орны өзіне бөлек. Мұғалімдер сол тәуелсіздігімізді қадірлеп, өскелең ұрпаққа дәріптеп жүрген, тәуелсіздігімізді баянды ететін азаматтарды тәрбиелеп жатқан солар. Бұл Сіздер сияқты ұстаздарға шексіз сыйластықты танытып, мәртебе көрсетуде аянбау керекпіздегенді білдіреді. Қазір бейне-роликті тамашалайық! Содан соң әрі қарай жалғастырамыз.
Енді құрметті ұстаздар, қонақтар бүгінгі ток-шоуымыздың негізгі бөліміне көшетін болсақ. Бүгін студиямызда елге сыйлы, ұлттық білім беру жүйесіне септіктерін тигізіп жүрген, Егінді-Ағаш орталау мектебінің қадірлі ұстаздары қонақта. Сонымен қатар, ата-аналар, білім алушы оқушылар да студиямыздың төрінде.
Енді,
Сұрақтар А
Проблемалық жағдаят. Видео.
Сұрақтар В
Оқушыға сұрақ:
«Егер мен мұғалім болмасам» тренингі.
Қорытынды:
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді. Оны әрбіреуіміз есте сақтау керекпіз.
Тәуелсіз Қазақстанмен бірге білім беру жүйесі де дамыды. Бүгінгі күнде еліміздің білім беру жүйесі аяғына нық тұрған. Инновациялық кеңістікте кез-келген сынға төтеп бере алатын жағдайға да жетіп отырмыз. Білім беру үдерісі өзгеріп, оқыту бағдарламасы жаңартылып жатыр. Бұл орынды құбылыс. Заманымен бірге адамы да алға қадам басуы керек. Бүгінгі қонақтарымыздың ішіндегі алдыңғы толқын өкілдері, сонау Кеңестік дәуірдегі Қазақстанның білім беру жүйесіне өз үлестерін тигізіп, ендігі уақытта қазақстандық білім беру үрдісіне атсалысып жүрген тұлғалар. Ал жас ұстаздарымыз бүгінгіні жалғастырып, ертеңгі - заманауи қазақстандық білім беру моделін қалыптастыратын азаматтарымыз. Осылайша білім беру үрдісі әлі де талай тиімді өзгерістерді басынан кешеді деген ойдамыз.
Сіздермен болған «Айтарым бар» бағдарламасы. Көріскенше, күн жақсы!