Сабақтың тақырыбы: «Рәміздер – ел беделі»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: сабақтың тақырыбы жазылған, шарлар, ҚР рәміздері (қаттама суреттер, т.б.)
Барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, 25 жұлдызды сәт.
«Рәміздер – ел беделі»
ҚР Әнұраны айтылады.
Айғаным: Мен кіммін?
Мен Қазақстан Республикасының азаматымын.
Туған жерім – Қазақстан Республикасы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Ту, Елтаңба, Гимн.
Өлең «Ол – біздің Қазақстан».
Айғаным мен Мейірхан кезектесіп оқиды.
1991 жылы еліміз тәуелсіздік алды. Тәуелсіз елдің өз рәміздері қажет болды. Жобаға қатысуға (конкурс) бәйге жарияланды.
Елтаңбаға 245 жұмыс, 67 хат ұсынылған еді.
1992 жылы 4 маусым тарихи күн. ҚР рәміздері қабылданды.
Енді жеке-жеке тоқталайық.
Ту. Байрақты не бейнеленген? (күн, қыран, ою-өрнек)
Байрақ авторы Шәкен Ниязбеков. Мұғ.түсін.тереңірек.
Оқушылар байрақ жайлы өлеңдер оқиды. Айғаным, Мәди, Асылхан.
Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков, Шота Уалиханов.
Не бейнеленген? Оқушылар жауабы.
Елтаңба жайлы өлең оқиды. Мейірхан, Дамир.
Әнұран мұғ.түсін. авторлары.
Шәмші Қалдаяқов. Жұмекен Нәжімеденов. Нұрсұлтан Назарбаев.
Мұғалім толықтырып, түсіндіреді.
Сабақты қорытады.
Ән. «Көк тудың желбірегені»