Тақырыбы: «Шырағымыз сөнбесін,
Тәуелсіздік өшпесін!»
Мақсаты: Қазақстанның өткен тарихына көз жіберте отырып, өткенсіз бүгіннің жоқ екенін жас ұрпақ санасына жеткізу, бүгінгі ұрпақ бойына патриоттық сезім, отаншылдық рух дарыту, аңсап жеткен азаттықтың құндылығын сезінуге, білуге, құрметтеуге баулу, адамгершілікке, ұлтжандылыққа және сыни пікірі қалыптасқан азамат болуға тәрбиелеу. Оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытудаға ата-аналармен бірлесе жұмыс істеу.
Міндеттері:
Күтілетін нәтиже:
Сабақтың түрі: Мектеп, ата-ана, оқушы арасындағы байланыс сабағы, Топтық, ұжымдық,
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, сахналық қойылым, баяндау, шығармашылық.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, буклет, шығармашылық ізденіс туралы қажетті қағаздар, желтоқсан құрбандары туралы ақпарат көздері, слайд.
Әнұран орындалады.
1 – бөлім. Мұғалім сөзі.
Құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар, бүгінгі осы жылдың ең таңдаулы, есте қаларлықтай, құрлықтың жан – жағындағы адамдардың бәріне таныс айтулы мереке Тәуелсіздікке – 25 жыл толуына байланысты тәрбие сағатымызды өткіземіз.
Тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Шырағымыз сөнбесін,
Тәуелсіздік өшпесін!»-деп аталады.
Бүгінгі өткізгелі отырған сабағымыз бұрынғы сабақтардан ерекше. Ерекшелігі сонда – оқушыларды жан – жақты дамытуда ата – ананың рөлі орасан зор, сондықтан бүгінгі тәрбие сағатымызды 7 – сыныптың оқушыларымен ата – аналарының қатысуымен өткізуді жөн көрдік.
Алдымен сабақты бастамас бұрын сабақтың өту барысымен таныстырып алайын:
1 – кезең. Құрметті ата – аналар, бәріміз ортаға шығып, баласы анасына қарап тұрулары керек. Анасы қолына бір май шамнан ұстап тұрады.
Қазақ елі, Ұлы Дала Елі бүгінгі таңда Тәуелсіз екендігі баршаға аян. Тәуелсіз қазақ елін ата –бабаларымыз, жас боздақтарымыз оңайлықпен алып берген жоқ. Қан майданда қасықтап қандары қалғанынша соғысып, Ұлан байтақ кең даламызды сақтап, аманат етіп біз жастарға тапсырғандықтан келесі кезеңіміз «Шырағың сөнбесін» - деп аталады. Майшамды балаларыңыздың қолдарына кезек – кезек тұрып
(XXI ғасыр Бейбітшілік заманда өмір сүріп жатқандықтан «Ұлы Дала Еліміз – білімді, ақылды, алғыр, зерек балаларымызға - аманат» - десе, келесі ата- ана «Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар елміз. Біз - осындай баға жетпес құнды мұраларымызды сендердей жас ұрпақтарға аманат етіп табыстаймыз т.б.» - деп ары қарай ...) өз ыстық лебіздерін білдіре отырып шамды табыстап отырады.
Шындығында да ,Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Жұртым менің не қиындық көрмеді.
Жылап жатып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі, - дей келе балалар, ата – аналар, Тәуелсіздік жайлы не білеміз? Кәне, ортаға салайық. (ата – аналардан, оқушылардан қысқаша жауаптар аламын)
Мұғалім сөзі. – Өте жақсы құрметті ата – аналар, оқушылар, өте жан тебірентерлік екен мазмұнды жауаптарыңыз. Ал, енді, өздеріңіз айтып өткендей, соншалықты ұзақ та қиын күрес жолымен Тәуелсіздікке қол жеткізген еліміздің тарихы жайлы тағы да біраз мағлұматты беріп өтейін. Иә, қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті.
Міне, өздеріңіз естігендей қазақ халқы басынан талай қиын кезеңдерді кешірді. Солардың біршама кезеңдеріне көз жүгіртіп өттік. Алайда, қазақ халқы қаншама қиын кезеңдерді басынан кешірсе де, мойымай, жасымай, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен даламызды аман сақтап қалды. Яғни, оқушылар, ата – аналар, қазақ елінің қайсар ерлері қазірде жоқ болғанмен, атрында қаншама құнды дүниелері қалғанына біз қуанышпен еске аламыз.
3 – кезең. «Жүректен шыққан сөз – жүрекке жылы жетер...» - деп аталады. Тәуекел қайығына мініп, Тәуелсіздік даңғылына түскенімізге 25 жыл толып отыр. Ұзақ жылдар бойы қан да, жас та, тер де төгілген Тәуелсіздік біздің Қазақстан үшін аса қымбат. Тәуелсіздік ата – баба рухын көтерді, сөнген мемлекеттің отын жақты, елімізді қатарға қосты, Көк байрағымызды көкте желбіретті. Келесі кезеңіміз айтылған ұтымды сөздеріміздің дәлелі ретінде болмақ. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан елін сипаттау...
Тақтада «жүрек» пішінің суреті салынған қағаз тұрады , жүректің ішіне «Тәуелсіз Қазақстан елін сипаттау» - деп жазылады. Қасында бағыттау белгісі тұрған жерлерге , Мысалы: «Тәуелсіз Қазақстан – Ұлы дала, даңқтты, кең, тәуелсіз, зайырлы, терезесі тең, асау өзені, асқар тауы, кербез орманы, лебі жұпар, ерке желі бар ел, бір – біріне туысқан, бір – біріне қарасқан ел» – деп жүректерінен шығара отырып Тәуелсіз қазақстан елін сипаттап жазулары керек.
Бұдан шығар қорытынды. – Аз ғана уақыттың ішінде елімізді, халқымызды шартарап танып үлгерді. Бірде жүгіріп, бірде жығылып жүрген қазақ елі енді еңсесі биік, көңілі көтеріңкі, қадамы нық, ең бастысы Тәуелсіз Қазақ Елінің – Ұлы Даласы бар екендігін сездірту.
4 – кезең. Құрметті оқушылар мен ата – аналар , Тәуелсіздік жайлы көптеген деректер оқыдық, танымдық жұмыстар да атқардық, топпен жұмыс жасай отырып өз ойларымызды да білдірттік және сабаққа деген құлшыныстарыңыз да одан ары қарай үдей түсуде. Өткенімізді ұмытсақ, келешекке көз жүгірте алмайтынымыз бәріміздге де аян. Бұлай деп айтып жатқан себебім тәрбие сағатымыздың келесі бөлімі де осының бір айғағы. Олай болса таныстырып алайын. «Есіңе мені алғайсың»-деп аталатын кезеңде «Тәуелсіздікке дейін және Тәуелсіздіктен кейін» - деп аталатын көрініс көрсету. Алдыларыңызға көріністің мәтінін беремін мәтінмен танысып ата – аналар Тәуелсіздікке дейінгі кезеңді көрсетсе, балаларыңыз Тәуелсіздіктен кейінгі яғни Жарқын болашақты көрсетулері керек. Олай болса сіздерге сәттілік!
Көрініс.
(оқушылардың мәтіні ) Бала жүгіріп әжесіне келеді. Бала: Әже-әже, не істеп жатырсың? Әжесі:Ой құлыным, мен ұршық иіріп жатырмын. Кел, отыр, ойнап шаршаған шығарсың. Бала: Әже,әже, мектепте Тәуелсіздік мерекесіне дайындалып жатырмыз. Әже, «Тәуелсіздік» деген не? Әжесі: Е... құлыным-ау, «Тәуелсіздік» деген бұл –үлкен әңгіме. Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиындықты бастан кешірді. Қайсар батыр аға-апаларымыздың арқасында ел болдық.Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл болды. Өзіміздің туымыз,әнұранымыз,елтаңбамыз бар. Аллаға шүкір! Олай болса менің есіме Тәуелсіздік жолында құрбан болған ата – бабаларымыз түсіп отыр.
Сонау ерте кезде біздің ата-бабаларымыз 29 қазақ руының басын қосып, Жәңгірді хан сайлапты.Сөйтіп ол өлер шағында ұрпақтарына мынадай аманат қалдырған екен.
(ата – аналардың мәтіні)
Жәңгір хан: Әй балам, бері кел! Анау тұрған жебені әперші (бала келеді). Мә сындыр.(Біреуін сындырады. Екіншісін береді,сындырады. Үшеуін зорға сындырады, төртеуін сындырады, бесеу бергенде сындыра алмайды). Жәңгір хан: Не ұқтың, балам? - дейді. Бала: Әке, бір жебені жалғыз –оңай сындырдым. Екіншісін де сындырдым. Бесеуін сындыра алмадым. Жәңгір хан: Иә, сонымен не айтарсың? - депті. Бала: Әке, ол бірігіп өмір сүріңдер деген өсиетіңіз шығар.
Хан : Иә, балам дұрыс ұғыпсың. Егер де бәрің жұмылған жұдырықтай күш салып біріксеңдер сендерге ешкім де бас сұға алмас, ешкім де тисе алмайды, - деген екен.
(оқушылар мәтіні)
Әжесі: Міне, балам, көрдің бе ата – бабаларымыз бірліктің, қара күштің арқасында Тәуелсіздікті алып берді енді соны біз өшірмей келесі ұрпақтарымызға табыстауымыз керек.
Бала: Әже, мен ұққан сияқтымын көзіміздің қарашығындай ұлан байтақ кең даламызды сақтауға , қадірлеуге, қастерлеуге ант беремін. Мен кеттім ,әже, мектепте Тәуелсіздікке 25 жыл толуына орай мерекелік іс – шара өткізілуде, сіздің айтқан барлық өсиет сөздеріңізді айтып достарыммен, мұғаліммен ой бөлісемін.
5 – кезең. Рефлексия. Оқушылар мен ата – аналар сіздердің қолдарыңызда бір – бір шар. Әрбір шарға әріптер таңбаланған және сол әріптерде
Т – әуелсіздік таңы атты,
Ә – лдиледі қазақты.
У – ақыт шіркін зулады – ай!
Е – л бірлі алға қарай,
Л – аулап жансын жүректеріміз тоқтамай!
С – ағымдай боп зулап өтті сол уақыт,
І – лтипат пен ізгілікке,
З – ерделі ұрпақ жол тарттық.
-деп аталатын сөз берілген. Әріптерді пайдалана отырып сабақтан алған әсерлеріңізбен бөлісіп әріптеріңізді яғни мына өлең сөздерін айта отырып шарларыңызды ұшырып отырасыздар.
Қорытынды. «Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз, 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел Бірлігі — біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық EXPO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!» — деп қорытындылады Елбасы өз сөзін.
Көк тудың желбірегенін көріп, кең тыныстайтын барлық қазақ жастары үшін Тәуелсіздік тым қымбат. Қыран бүркіт асқар таудың шыңынан кең далаға қарай қанат қағып, қалықтап ұшқанда өзін қалай еркін сезінсе, бүгінгі егеменді елдің жастары да өздерін сондай еркін, асқақ сезінсін дей келе Шырағымыз сөнбесін,
Тәуелсіздік өшпесін!-деп сабағымызды қорытындылаймыз.
Сау болыңыздар!