Қарттарға құрмет көрсету айлығы аясында Атығаев Орынбай біздің демеушіміз болды. Зейнеткерлер мен ардагерлер құттықтау қабылдады.
Бүгін Егінді-Ағаш ауылында "алтын жастағы" адамдардың қатысуымен мерекелік іс-шара өтті.
Мептеп іші зейнеткерлерді қарттар күнімен құттықтап, оларға денсаулық пен бақыт тіледі, сондай-ақ алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.
"Қарт азаматтардың проблемалары аз емес. Сонымен қатар, адамдар материалдық ғана емес, сонымен бірге эмоционалды қолдау, жылы сөздер мен шынайы көңіл бөлуі де маңыз ын", - деді Атығаев Орынбай
Мерекелік атмосфера ешкімді бей-жай қалдырмады. Концерттік бағдарлама аяқталғаннан кейін әжелер мен аталар әртістерді алғыс сөздерімен және жылы жүзбен шығарып салды.